Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тоғыз елдің арсеналында жалпы саны 13 мың ядролық оқтұмсық бар»

Freepik фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 11:06
Фото: Freepik, ЖИ

2025 жылы 29 мамыр күні Астанадағы халықаралық форумның пленарлық отырысы кезінде Мемлекет басшысы ядролық қару жайлы сөз қозғады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы сарапшылар бұл қаруды қолданудың ықтималдылығының артып келе жатқанын айтқанын жеткізді. Бұл климат апаты, егістіктердің жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін атап өтті.


«Оның қасіретін біз жақсы білеміз. Жерімізде жасалған 450 ядролық сынақтың зардабымен Қазақстан әлі күнге дейін бетпе-бет келіп отыр. Біз бейбітшілік үшін Кеңес өкіметінен мұраға қалған ядролық арсеналдан өз еркімізбен бас тарттық. Бүгінде жаппай қырып-жоятын ядролық және биологиялық қаруды таратпау ұстанымын жақтаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Форумға шет ел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес, академиялық ортадағы серіктестер қатысты.


Мәртебелі қонақтардың арасында Руанда Президенті, Солтүстік Македония Президенті және тағы да басқа лауазымды өкілдер болды:


«Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форум аясында жаhандыө экономика, өңірлік ынтымақтастық және күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.


Следите за новостями Taspanews