Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы 2025 жылы 18 сәуірде Маңғыстау облысына сапары барысында жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда ерлік көрсеткені үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары салтанатты түрде берілді.


«Мен аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін мінсіз қызмет етіп жүрген бірқатар күштік құрылым өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мен Мемлекет басшысы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әрдайым қолдаймын, еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттің тірегі, халықтың қорғаны болып, адал қызмет етесіздер деп сенемін,   – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда