Каспий теңізінде ер адам құтқарылды

Фото: Pexels

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, «Ритм Нұр» демалыс орталығы аумағында ер адамды жағалаудан қатты жел мен ағыс алып кеткен, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Ер адам SUP-тақтасын тепкен. Сол кезде оны жел теңізге қарай ала кеткен. Ол өздігінен жағаға шыға алмады. Судағы қауіпсіздікті бақылаумен жүрген ТЖМ қызметкерлері оны байқап қалады.


Ер адам жедел түрде қайықпен жағаға жеткізілді.