Каспий теңізі жағалауында құтқарушылардың мобильді бекеттері орнатылды
Ақтау мен оның маңайындағы аудандарда Каспий теңізін бақылаушылар қатарымен толықтырылған құтқарушылардың мобильді бекеттері орнатылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Шомылу маусымы қарсаңында теңіз жағалауындағы демалыс аймақтарының акваторияларына зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде, шомылуға арналған қауіпсіз учаскелер анықталып, суда жүзу ережелері бар ескерту белгілері орнатылды.
Құтқарушы бекеттері барлық қажетті заттармен – байланыс құралдарымен, құтқару шеңберлерімен және қайықтармен жабдықталған. Құтқарушылар халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жүзуге тыйым салынған жерлерде рейдтер ұйымдастырады.
ТЖМ Ақтау ауданындағы акваторияда техникалық объектілер мен су бұрғыштарының барын, су асты ағындарының болуын ескертеді.
«Жағалау аумақтары екі қаланы — Ақтау мен Жаңаөзенді, сондай-ақ Қарақия және Түпқараған аудандарын қамтиды. Осы елді мекендердің әрқайсысында Маңғыстау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының судағы төтенше жағдайларға патрульдеуге, алдын алуға және ден қоюға жұмылдырылған құтқару бөлімшелері бар»,