Қаскелең қаласындағы көпқабатты үйлердің құрылысы кезінде алаяқтық орын алған

ҚР ҚМА фото на taspanews.kz от 29 апреля 2025 11:07
Фото: ҚР ҚМА

Алматы облысы, Қаскелең қаласында компания көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын бірнеше жылдар бойы лицензиясыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз атқарып келген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


«Tоредо» ЖШС басшылары 2021-2023 жылдары құрылыс жұмыстарын қажетті құжаттарсыз атқарғаны белгілі. Осы уақыт аралығында олар әлеуметтік желіде 100-ден астам азаматты жарнама арқылы тарқаны анықталды. Осылайша, үлескерлікке келген адамдар 972 млн теңге қаражат бөлді. «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендеріне үлескер болғандар Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанын да білмей келді. Одан бөлек, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған болып шықты.


Осылайша, алаяқтыққа ұшырағандар құқық қорғау органдарына жүгінді. Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды. Оның ішіне 12 жер учаскесі, 9 автокөлік пен құрылысы бітпеген 3 қабатты ғимарат, жеке меншік жер үй кірді.


Күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді.


Өзге материалдар ҚК 201-бабына сай жария етуге келмейді.


Следите за новостями Taspanews