Қарағанды шахтасында апат болған жағдайда қаза болу қаупін азайтуға ден қойылды

 Pexels фото на taspanews.kz от 10 июня 2025 11:41
Фото: Pexels

Қарағанды облысы аумақтық бөлімшесінің базасында пилоттық режімде көмір шахталарындағы жұмысшыларды іздеу, орнын анықтау және шахтадағы газдану деңгейін бақылау жүйелері енгізілуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Бұл жүйелер төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету мен жұмысшылардың қаза болу қаупін азайту мақсатында іске қосылуда.


"Техногендік апаттар мен жұмысшылардың қаза болуын азайту мақсатында, біз мұндай жұмысты өнеркәсіптің барлық нысандарында жүргізуге дайынбыз. Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлар кезіндегі жарақаттану мен адам өлімін азайту саясатын жүзеге асыруды жалғастырады", – деді ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов.

Следите за новостями Taspanews