Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар жолдар сауда орнына сай жабдықталуда

Фото: Pexels

 Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдарда сауда нысандары үшін арнайы павильондар салынды,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.


Жол бойында орналасқан нысандарға түнгі жарықтар да орнатылды. Одан бөлек, сауда орындарында бейнебақылау жүргізіледі.


Еліміздегі жолдар бойында жалпы саны 1500-ден астам нысан бар.