Қарағанды облысында жас жігіт өрттен құтқарылды

Фото: Pexels
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кентінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Өрт екінші қабаттан шыққан. Пәтер ішінде 17 жасар жігіт қалып қойды.
Өрт сөндірушілер темір есікті аша алмай, пәтерге тереземен кіруді шешеді. Жас жігіттің көміртегі тотығынан улануын болдырмау басты мақсат болды. Жедел әрекет нәтижесінде ТЖМ қызметкерлері оны оқиға орнынан алып шықты.