Қарағанды облысында 60 шет елдік жолаушысы бар автобус бұзылып қалған

Фото: Pexels
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, республикалық Астана-Қарағанды-Алматы тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып қалған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Тас жолдың 575 шақырымында Гүлшат ауылынан 14 шақырым жерде қалып қойған ақаулы автобуста 60 шет ел жолаушысы болған. Төтенше жағдайлар қызметі жолаушыларды жол бойындағы тамақтану орнына эвакуациялады. Жалпы саны 15 бала мен 45 ересек қауіпсіз жерге жеткізілді.
Жолаушылар Ресей мен Тәжікстан азаматтары екені анықталды. Зардап шеккендер жоқ.