Қапшағай жағасының бір бөлігі қытайлық кәсіпкерлерге кетті

Фото: drive2.ru

Қапшағай су қоймасының жағалауының бір бөлігі қытайлық компанияның қарамағына көшті. Алматы облысындағы 15 гектар жер телімінде ойын-сауық саябағы салына бастады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Shishkin_like сайтына сілтеме жасап.


Журналистер құрылыс нысанның ресми төлқұжатынсыз жүріп жатқанын, ал сарапшылар бұл учаскеде жұмыс атқарылу үшін рұқсат қажетін айтады, себебі жер су қорғау аймағында орналасуы мүмкін.


«Жер Қазақстан коммерциялық инвестициялық компаниясы «Жібек жолы» ЖШС меншігінде. Соңғы үш жылда компания 250 миллион теңгеге жуық салық төлеген. Құрылтайшысы – қытайлық бизнес басқару компаниясы. Қазақстандық регистрлерде ол туралы мәлімет аз», делінген дереккөзде.

 Жер бизнеске қалай кетіп қалды?


Осыған дейін «Жібек жолы» Қонаев қаласындағы басқа учаскеге иелік еткен. Ол жер кейіннен мемлекет мұқтажына алынды. Өз кезегінде компанияға Қапшағай жағалауынан белгілі бір аумақ берілді. Шешімді Жер комиссиясы шығарса, қаулыға әкімдік 2024 жылдың 27 наурызында қол қойған.


Мамандар әрекет Су және табиғатты қорғау басқармаларымен келісілмегенін атайды. Мәміленің заңдылығы күмән тудырады.