Қаңтар-наурыз айларында Алматы тауларын көруге 600 мыңнан астам турист келген

Фото: Pixabay.com
Меймандарды орналастыру орындары 2025 жылы 3 ай ішінде 1,9 млн адам қабылдады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2025 жылы қаңтар-наурыз айларында көрсетілген қызметтер көлемі 60,6 млрд теңгені құралы.
Қонақтардың көп үлесі – 50,5% мейрамханасы бар қонақ үйлерде тоқтаған. Ал 11,3 % коттедждерде, ауылдық үйлер мен пәтерлерге орналасқан.
Келушілердің басым бөлігі Алматыда (496,9 мың) және Астанада (314,1 мыңы) орналасты.
Курорттық аймақтарда 888,3 мыңнан астам адам демалды. Оның 637,7 мыңы Алматының тауларын көруге келген.