Қандай жануарларды құрбандыққа шалуға болмайды?

2025 жылы Қазақстан мұсылмандары Құрбан айт мерекесін 6 маусым күні атап өтеді. Бұл – исламдағы ең маңызды мейрамдардың бірі. Осы күні мүміндер Алланың разылығы үшін құрбан шалып, етті мұқтаж жандармен бөліседі. Бұл туралы KazTaspa.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) сілтеме жасап хабарлайды.
Қандай жануарларды құрбан шалуға болады?
Көбінесе қазақстандықтар қойды таңдайды. Дегенмен шариғат бойынша басқа жануарларды да союға рұқсат етіледі:
Қой – кемінде 6 айлық
Ешкі – 1 жастан асқан
Сиыр немесе бұқа – 2 жастан жоғары
Түйе – 5 жастан асқан болуы керек
«Жануар міндетті түрде дені сау, ақсақ емес, көзі көретін, сүйегі сынбаған, сыртқы кемшілігі жоқ болуы қажет. Ауру немесе әлсіреген малды құрбандыққа шалуға болмайды. Егер адам қой немесе ешкіні құрбандыққа шалса – оны жеке өзі шалады. Ал сиыр мен түйені бір адамнан жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады»,
Қиямет күні көмектесетін жануарлар
Ислам сенімі бойынша, құрбандыққа шалынған жануарлар Қиямет күні өз иесіне көмектесіп, Жәннатқа апарар көпірден өтуге жәрдемдеседі. Сондықтан құрбан шалу – тек сауапты іс емес, ақыретке де дайындық деп есептеледі.
Құрбан шалуға кімдер міндетті?
Шариғат бойынша құрбан шалуға қаржылық мүмкіндігі бар мұсылмандар ғана міндетті. Белгілі бір байлық шегі бар:
40 қой
30 ірі қара (сиыр, бұқа)
5 түйе
немесе 85 грамм алтыннан (қазіргі бағаммен шамамен 1,2 миллион теңге) көп дүниесі болса – адам құрбан шалуға міндетті.
Ал егер адамда мұндай мүлік болмаса – ол құрбан шалуға міндетті емес.
Құрбан айт – мейірім мен рухани тазару күні
Құрбан айт – бұл жай ғана мал сою емес. Бұл – жомарттықтың, жақсылық жасаудың, рухани тазарудың күні. Бұл – тек жақыныңа ғана емес, өзіңе де мейірім көрсетуге мүмкіндік беретін ұлы мейрам.