Ірі қалалардың бірінде күтпеген ауа райы жағдайы орнайды

Pexels фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 08:39
Фото: Pexels

2025 жылы 29 мамыр күні Астана мен Алматыда ауа райы қолайлы, ал Шымкентте құбылмалы болады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


29 мамыр күні Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +25 +27 градус, түнде +8 +10 градус шамасында.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +24 +26 градус шамасында, түнде +11 +13 градусты құрайды.


Шымкентте күндіз көшпелі бұлт жүреді, қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы +27 +29 градус шамасында. Түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура түнде +13 +15 градус шамасында болады.


Следите за новостями Taspanews