ІІМ Алматыдағы әскери комиссариат қызметкерлерінің жаппай ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Pexels фото на taspanews.kz от 27 июня 2025 17:32
Фото: Pexels

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өткен аптада Алматыда әскери қызметкерлердің не себепті ұсталғанын түсіндірді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Еске салcақ, өткен аптада әлеуметтік желілерде Алматыда бірден бірнеше әскери комиссариат қызметкерінің, оның ішінде Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, оның шақыру жұмыстары жөніндегі орынбасары және медицина қызметінің басшысы ұсталғаны көрсетілген видео тараған болатын. 27 маусым күні ІІМ бұл туралы ресми түсініктеме берді.


Министрліктің мәліметіне сай, ұсталғандарға (оның ішінде Түрксіб әскери комиссариатының қызметкерлері де бар) қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы бойынша — билікті асыра пайдалану дерегімен қылмыстық іс қозғалған. Істің толық мән-жайы жариялауға жатпайды.


Следите за новостями Taspanews