Горельник шатқалында жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға беріледі

Фото: қала әкімдігі
2025 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласы маңында орналасқан Горельник шатқалында ұзындығы 77 метр болатын көпір пайдалануға беріледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Arman-köpir жаяу жүргіншілер көпірі оқушыларға арналған жаңадан тұрғызылатын «Мың бала» спорт клубына жол ашпақ.
«Жоба Еуропа таулы аймағында аспалы көпір салумен танылған швейцариялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Көпір жер бедеріне бейімделіп салынған, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді»,