Google компаниясынан шақырту алған Павлодарлық колледж студенті Берлинге барады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі фото на taspanews.kz от 29 мая 2025 09:13
Фото:ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Google компаниясынан шақырту алған Павлодарлық колледж студенті Берлинге барады Павлодар қаласындағы IT колледждің студенті Даниил Барт Google компаниясы атынан Берлинде өтетін Google I/O 2025 конференциясына шақырту алды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Даниил бұл жетістікке техникалық құзыреттілігін дәлелдеу арқылы жетті. Ол – әлем бойынша таңдалған, техникалық құзыреттілігін растаған студенттердің бірі.


«Конференция және одан кейінгі тағылымдама жасанды интеллект, Android, бұлтты платформалар мен веб-технологиялар саласындағы озық білімге жол ашады. Мен осындай деңгейдегі шараға елімнің атынан қатысатыныма қуанамын»,   – дейді Даниил Барт.

Даниил 2023 жылдан бастап Google компаниясының Қазақстанда ұйымдастыратын іс-шараларын өткізетін топ қатарында болып келді. Даниил Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің 3 курсында оқиды. Колледжде түрлі хакатон мен байқауларға қатысқан. 2023 жылы студент "World Skills Kazakhstan" байқауында алтын жеңіп алды, Google қауымдастығы аясында бірқатар жобалардың авторы.


Алдағы конференцияда ол Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Африканың үздік мамандарымен бірге бір алаңда бас қосады.  


Следите за новостями Taspanews