Гарвард мәселесі: шет елдік студенттер әзірге Гарвардтан шығарылмайтын болды

YouTube фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 19:15
Фото: YouTube

Бостондағы федералды сот Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға кедергі келтіретін тыйымын уақытша тоқтатты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz The Washington post сілтеме жасап.


Бұл шешім Гарвардқа Student and Exchange Visitor Program (SEVP) – шетелдік студенттерді қабылдау және алмасу бағдарламасына қатысуын жалғастыруға мүмкіндік береді.


«Уақытша тоқтату статус-квоны сақтау үшін қажет – бұл студенттердің құқықтары мен үйреншікті тәртіпті сот талқылауы аяқталғанға дейін бұзбау үшін жасалып отыр. Яғни, Гарвард университеті шетелдік талапкерлерді бұрынғыдай қабылдай алады, Трамп әкімшілігі бұл мүмкіндікті шектеуге тырысқанымен»,   деді судья Эллисон Берроуз.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Гарвардты зорлық-зомбылықты және антисемитизмді қолдады, сондай-ақ Қытай Коммунистік партиясымен байланысы бар деп айыптаған болатын.


Сол себепті АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм университеттің SEVP бағдарламасына қатысу сертификатын қайтарып алып, шетелдік студенттерді қабылдауға тәжірибе жүзінде тыйым салды.


Гарвард университетінің басшылығы бұл шешімге қарсы Массачусетс штатының федералды сотына шағым түсіріп, биліктің әрекеті АҚШ Конституциясы мен федералды заңдарды бұзады деп мәлімдеді.


Университеттің пікірінше, бұл – саяси қысым, ол оқу процесіне кедергі келтіреді және мыңдаған шетелдік студенттің болашағын қауіпке тігеді.


Бүгінде көптеген елдердің студенттері АҚШ-тың үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне алаңдап отыр, ал университеттер өз беделдері мен халықаралық серіктестіктерінің бұзылуынан қауіптенеді.


Следите за новостями Taspanews