Француз энергетикалық компаниясы АЭС салу жөніндегі консорциум құрамына кіруі мүмкін

Ашық дереккөздерден фото на taspanews.kz от 19 июня 2025 11:03
Фото: Ашық дереккөздерден

Қазақстанның атом энергетикасы агенттігі басшысының орынбасарлары Францияның Electricite de France (EDF) компаниясының аға вице-президентімен Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша халықаралық консорциумға қатысу мүмкіндігін талқылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz


Ресми хабарламада ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері мен шағын және орта қуатты реакторлар саласындағы ықтимал серіктестікке ерекше назар аударылғаны мәлімденеді.


Осыған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жөніндегі консорциумды Ресейдің «Росатом» компаниясы басқаратыны белгілі болған. Ал екінші станцияны Қытайдың CNNC компаниясы салуы мүмкін.


Следите за новостями Taspanews