Есіл өзенінің тасқын суын ұстауға арналған бөгет бұзылды

Фото: ҚР ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Большая Малышка ауылында Есіл өзенінің тасқын суын ұстайтын қорғаныш бөгеті бұзылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Елді мекендер су басу қаупінен қорғалды. Бөгеттің бұзылуы салдары жойылуда.


ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен Полиция департаменті келеңсіз жағдайды жоюда күш жұмылдырды.