Есіл өзенінде жүзіп жүрген адам құтқарылды
Фото: Pexels
Астана қаласы, Атырау көпірі маңында Есіл өзенінде мас күйінде жүзіп жүрген ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Ер адам киіммен жүзіп, суға бата жаздаған. Оқиға орнына құтқару жасағы құтқарушылары жетіп, 1987 жылғы азаматты құтқарады. Мединалық көмек қажет болмады.
Ер адам су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.