Екібастұз-Майқайың автожолында жүргізуші көлге түсіп кеткен
Фото: Pexels
2025 жылы, 18 сәуірде Екібастұз-Майқайың автожолында жүргізуші көлігін басқара алмай, Тұз көліне құлап кеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жүргізушінің көліктің төбесіне өздігімен шыққаны белгілі. Мұны көрген куәгерлер 112 нөміріне қоңырау шалған.
ТЖМ қызметкерлері зардап шеккен адамды жағаға шығарды. Ол жедел медициналық жәрдем қызметіне табысталды. Көлік құралы судан сүйреліп шығарылды.