eGov Mobile қосымшасында жаңа цифрлық құжат пайда болды

ortcom.kz фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 16:01
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда қамқоршылық және қорғаншылық туралы анықтаманы алу жеңілдеді. Енді бұл құжат eGov Mobile қосымшасында – «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қамқоршылар мен қорғаншылар өз мәртебесін жиі растауға мәжбүр болады. Бұрын бұл үшін қағаз түріндегі анықтаманы мемлекеттік органдар арқылы алу қажет еді. Енді тек eGov Mobile қосымшасын ашып, цифрлық құжатты көрсету жеткілікті.


«Жаңа қызмет әсіресе әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толған азаматтарға қамқоршы болып тағайындалған адамдар үшін пайдалы. Енді мемлекеттік органдарға барып, қағаз анықтама алудың қажеті жоқ – барлық қажетті ақпарат онлайн қолжетімді», – делінген хабарламада.


Цифрлық құжат автоматты түрде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми деректер базасы негізінде жасалады.


Құжатта мына мәліметтер көрсетіледі:


Қамқоршы мен қамқорлықтағы адамның аты-жөні, ЖСН және туған күні;Жергілікті атқарушы органның бұйрығының нөмірі мен күні;


«Жарамдылық мерзімі» деген арнайы белгі;Барлық ақпарат мемлекеттік тіркеу деректерімен салыстырылады.Бұл құжатты банктерге, емханаларға, мемлекеттік мекемелерге және басқа да ұйымдарға қамқоршылықты растау қажет болған кезде ұсынуға болады.Қызметтің іске қосылуы — Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясындағы қадам. Бұл азаматтардың өмірін жеңілдетуге және қағазбастылықты азайтуға бағытталған.


Әсіресе, әрекетке қабілетсіз адамға күтім жасау кезінде медициналық мекемелерге, әлеуметтік қызметтерге немесе жәрдемақыларды рәсімдеу кезінде өте маңызды.


Следите за новостями Taspanews