Демалыстың жаңа форматы: Алакөл мен Балқашта туристерді қандай өзгерістер күтеді?

Жетісу облысында туристік маусымға дайындық қызу жүруде – Алакөл мен Балқаш жағажайларында демалушыларды жақсартылған жағдайлар, қауіпсіздік және жаңартылған инфрақұрылым күтеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Таза жағажайлар
Жазды су жағасында өткізуді армандайтын мыңдаған қазақстандық үшін демалыс тек жағымды емес, ыңғайлы бола түседі.
«Алакөл жағалауына қосымша 90 қоқыс жәшігі орнатылады, жалпы саны 220-ға жетеді. Қалдықтарды шығару үшін жергілікті ұйым жауапты болады. Ыстық кезде туристер әжетхана іздеп жүрмес үшін, санитарлық тораптардың саны 53-ке дейін көбейтіледі. Мұның бәрі – тазалықты, гигиенаны және демалушылардың көңіл-күйін жақсарту үшін»,
Көлдердегі қауіпсіздік
Туристер жиі шағымданатын мәселенің бірі – көлдегі бейберекет қозғалыс. Катерлер, гидроциклдер мен қайықтар тәртіпсіз жүреді, бұл қауіп тудырады.
«Алакөлде биыл су көлігін пайдалану ережелері күшейтілді. Су көліктерінің бейберекет жүруіне шектеу қойылады. Ережені бұзғандарға айыппұл салынады, ал қауіпсіздікті инспекторлар мен шағын қайықтардан құралған бақылау қызметі қадағалайды», – делінген хабарламада.
Балқаш жағалауында ірі туристік жобаларға қажетті инженерлік желілердің құрылысы басталды.
«Маусым айының соңына дейін жағажай аймағын дамытуға арналған егжей-тегжейлі жоспар сараптамадан өтеді. Осыдан кейін демалыс аймақтары, кемпингтер, қонақ үйлер мен дәмханалар, сондай-ақ жаңа жолдар мен инженерлік коммуникациялар салуға мүмкіндік туады»,
Қазақстанның басты курорттары
Алакөл мен Балқаш – Қазақстандағы ең танымал жазғы курорттар. Мұнда жыл сайын Алматы, Астана және басқа аймақтардан мыңдаған адам келеді.
Туристерді мұнда мөлдір су, табиғаты, емдік ауа және демалыс күтеді.
Әкімдікте атап өткендей, инфрақұрылымды жаңарту мен қауіпсіздікті күшейту өңірлік туризмді жаңа деңгейге шығарып, отандық курорттарды шетелдік демалыс орындарына лайықты баламаға айналдыруға мүмкіндік береді.