Демалыс күндері Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында ауа райы қандай болмақ?

Фото: Freepik

2025 жыл 3-4 мамыр күндері Қазақстанның үш ірі қаласында жауын-шашын азаяды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.  


Астанада 3 мамыр күні күндіз температура +19 +21 градус болады, көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашын болмайды. Түнде температура 0 +2 градусқа дейін төмендейді.


4 мамыр күні күндіз температура +20 +22 градусқа дейін көтеріледі. Көшпелі бұлт жүреді, жауын жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура +10 +12 градусты құрайды.


Алматыда 3 мамыр күні күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура +22 +24 градус шамасында болмақ. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.


4 мамыр күні Алматыда көшпелі бұлт жүреді. Күндіз ауа температурасы +26 +28 градусты, түнде +10 +12 градусты құрайды.  


Шымкентте 3 мамыр күні көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +15 градус, түнде +13 +15 градус болады.


4 мамыр күні де көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура +31 +33 градус, түнде +13 +15 градус болады.