Дауылды ескерту: Жамбыл облысында шаңды дауыл көтеріледі

Фото: Pexels
2025 жылы 13 мамыр күні Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Облыста солтүстік-шығыстан жел соғады. Солтүстік-шығыс мен таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік шығысында жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.