"Даму бала" бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілерді қайта таңдау жүзеге асады

Фото: Алматы әкімдігі

2025 жылы 30 сәуірден бастап ваучер иелері үшін қызмет көрсетушілерді қайта таңдау жүзеге асады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. 


Бұл қызмет көрсету сапасын бақылау аясында жүзеге аспақ. Ата-аналар Damubala.kz сайтында қызмет көрсетушіні қайта таңдап, растау қажет. Қызмет көрсетуші бағдарламадан шығып кетсе, жаңа таңдау жасау керек болады.


Алматыда табыс табу деңгейі әртүрлі отбасыларға бірдей жағдай жасайтын Damubala бағдарламасы жалғасуда. Балалар үшін шығармашылық пен спорт бағыттары бойынша үйірмелер қолжетімді.


"2024 жылы жүргізілген мониторинг барысында қызмет көрсету сапасының төмен жағдайы анықталған болатын. Биыл қаңтар айында тәуелсіз аудит жүргізілді, оның нәтижелерін қала әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бақылауда ұстап отыр. Стандарттарға сай келмейтін қызмет көрсетушілер бағдарламадан шеттетілді", – делінген ресми хабарламада.