Бурабайда жағажай пен конгресс-орталығы салынады

Фото: Бурабай курортының ресми сайты

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметі отырысы қорытындысы бойынша туризм мәселелелері пысықталуда. Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында абаттандыру жүретінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.


Әкім келтірген мәлімет бойынша курорттық аймақта 14 туристік бағыт пен Шучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады. 8 қарау алаңы салынады.


«Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының маңызды нысанына айналады», — деп атап өтті өңір әкімі.

Конгресс орталығы құрылысына арналған жер телімі белгіленді. Жобаны әзірлеу күзге жақын толықтай жүзеге аспақ.


Одан бөлек, инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілуде:


➤Аквапарк пен «Дольче бай Уиндэм» виллалары бар қонақ үй құрылысы,


➤ «Бурабай Парк Вилледж» коттедж қалашығы,


➤ Hilton брендімен Аппарт-қонақүй.