Бурабайда жағажай пен конгресс-орталығы салынады

Фото: Бурабай курортының ресми сайты
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметі отырысы қорытындысы бойынша туризм мәселелелері пысықталуда. Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов Бурабай курорттық аймағында абаттандыру жүретінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.
Әкім келтірген мәлімет бойынша курорттық аймақта 14 туристік бағыт пен Шучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады. 8 қарау алаңы салынады.
«Щучинск қаласында дендрологиялық паркті реконструкциялау басталады. Көпсалалы конгресс орталығы маңызды туристік объектілердің біріне және Бурабай курортының маңызды нысанына айналады»,
Конгресс орталығы құрылысына арналған жер телімі белгіленді. Жобаны әзірлеу күзге жақын толықтай жүзеге аспақ.
Одан бөлек, инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілуде:
➤Аквапарк пен «Дольче бай Уиндэм» виллалары бар қонақ үй құрылысы,
➤ «Бурабай Парк Вилледж» коттедж қалашығы,
➤ Hilton брендімен Аппарт-қонақүй.