Бір жігіт «Ат!» деді: Шерзат Полат ісі бойынша куәгер сөзі тыңдалды

2025 жылы 5 мамыр күні Талдықорғанда өтіп жатқан марқұм Шерзат Полат ісі бойынша куәгерлер сөзі тыңдалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.
Оқиға орнына жақын жерде тұратын Куәгер ұйықтап жатқан жерінен оянып кеткен. Ол оқиғаны ас үйден, содан соң, үй жанындағы құрылыстан бақылағанын айтты. Басында «Ат!» деп айқайлаған адамды көрген. Содан соң, ол қайта көрінбеді. Куәгер бұл адамның бұйрықты кімге айтқанын білмегенін мәлімдеді. Мылтықтың атылғанын естімегенін жеткізді.
Шерзат пен ағасы – Нұрқанат жүгіре бастаған жерінен анасы да артынан жүгірген. Бір топ жігіт те жүгіре жөнелді. Анасы Шерзатты қорғап, айқайлағанына қарамастан, жігіттер оған көңіл бөлмеді. Куәгер Шерзаттың қатты затпен ұрған жігітті көргенін айтты. Кейіннен, бұқаралық ақпарат құралдарынан пышақпен ұрған адамның барын естіген. Одан бөлек, куәгерлік етуші бір қыз бен жігіттің дүкенге қарай бара жатқанын жеткізді.
Оқиға соңына жақын, куәгер үйінен шығып, Шерзаттың анасына көмекке келген. «112-ге неге хабарласпадыңыз деген сұраққа біреудің хабарласып жатқанын естідім» деп жауап берді.
«Мен қастарына келгенде Шерзат әлі тірі болды. Әкесі Шерзатты алып кетті. Шерзатты көлікке салып жатқанда ол тыныс алып жатқан»,
Алайда, куәгер көп нәрсені білмегенін, есінде қалмағанын жеткізді. Осылайша, куәгерге сұрақ қоғандардың бірі оның жауаптарына аса мұқият қарау керек екенін жеткізді.