Бір донор бірден бес қазақстандықтың өмірін сақтап қалды
Фото: Pexels
Алматыда ер адам инсультпен Орталық қалалық ауруханаға түскен. Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады – биологиялық өлім тіркелді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Қайғылы оқиға алдында ол мүшелерін қазасынан кейін донорлыққа беруге рұқсат еткен. Оның жақын туыстары да келісімдерін берді. Көздің қасаң қабығы екі алматылық науқасқа салынып, олардың көру қабілеті қалпына келтірілді.
Донордың жүрегі Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтағы бір науқасқа трансплантацияланды. Ал бүйрегі елордадағы екі балаға салынады.
Бұл – Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет орын алған жағдай.