Бидай экспорты: Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы бидай тиелген поезд жөнелтілді

Фото: Pexels

2025 жылы 12 мамыр күні «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ қазақстандық бидай тиелген алғашқы пойызды Джебель Али портына жөнелтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚТЖ сілтеме жасап.


Бидай Түрікменстан мен Иран аумағынан өтіп, Бендер-Аббас портында ауыстырып тиеледі. Кейіннен БАӘ-не теңіз арқылы тасымалданады. Орташа есеппен жүк межеге 18 күнде жеткізіледі.


«Бұл қадам Еуразия мен Таяу Шығыс арасындағы логистикалық маршруттарды дамытудың кезекті кезеңі болды», – делінген ресми хабарламада.