Батыс Қазақстан облысында педофил әкімшілік қадағалаусыз жүрген

Фото: Depositphotos

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында педофил 7 жыл бойы әкімшілік қадағалаусыз жүрген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Аудан прокуратурасы 2009 жылы кәмелетке толмағанды зорлаған ер адамның ісін қайта қарады. 8 жыл жазасын өтеген соң бостандыққа шыққан оған қылмысты алдын алуын бақылайтын әкімшілік қадағалау жүрмеген.


Қылмыстық кодекстің 79-бабына сай, бұл педофилге қатысты әкімшілік қадағалау жаза өтеліп біткен соң, соттылығы аяқталғанға дейін 8 жыл бойы іске асуға тиіс болған.


Нәтижесінде, аудан прокуратурасы сотқа өтінішхат жолдады. Азаматқа қатысты әкімшілік қадағалау 10.02.2025 күні белгіленді. Құқық бұзушылықты алдын алу үшін Заңмен шектеулер қойылды.