Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жер мемлекетке қайтарылды

 Pexels фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 15:26
Фото: Pexels

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы прокуратурасы ауыл шаруашылығына арналған жерлердің ұзақ уақыт бойы сәйкес мақсатта қолданылмағанын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Аудандағы жерді пайдаланушылар Жер кодексінің талаптарын сақтамаған. Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты нысаналы түрде қолданылмаған 3200 гектардан астам жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер телімінің кадастрлық құны 24 млн теңгеден асады. Қаражат заңды экономикалық айналымға тартылуда.


Жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жер учаскелерін ауылдық жерлерде тұратын және жерді мақсатты түрде шынайы қолданатын субъектілерге беруді көздеуде.


Следите за новостями Taspanews