Балқаш қаласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары қорғалды

 Pexels фото на taspanews.kz от 17 апреля 2025 10:22
Фото: Pexels

Балқаш қаласының прокуратурасы мүгедектігі бар, үйде оқитын 14 баланың ата-анасы тиісті жәрдемақы алмайтынын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарының өтелмеуі фактісі анықталды.


Қалалық мәслихат мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайтынын (айына 13106 теңге) және төлемдер тоқсан сайын жүргізілетінін белгілеген. Алайда, отбасылар әлеуметтік жәрдемақы алмаған.


«Бұзушылықтарға білім беру ұйымдарының ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпеуі себеп болған. Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының білім басқармасына ұсыну енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға тиісті төлемдер тағайындалды» – делінген ресми хабарламада.

Конституциясының 28-бабына сәйкес әр ҚР азаматына мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алуға құқығы бар. Сонымен қатар, үйде оқытуға жұмсалатын шығыстар да өтелу керек.


Следите за новостями Taspanews