Бали аралында екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

Фото: Pexels
Индонезияда Қазақстан азаматтары есірткі сату бойынша күдікке ілінді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Associated Press сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша олар шамамен 49 грамм метамфетамин тасымалдаған. Индонезия заңдарына сәйкес, мұндай қылмыстар үшін өлім жазасы қарастырылған.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, бұл іспен біздің елші айналысуда. Ұсталғандар өздері елшілікке жүгінген.
Бұл мәселе Индонезия тарапының қарауында. Белгілі болғандай, екі ел арасында экстрадиция немесе сотталғандарды айырбастау туралы келісім жоқ. Алайда 2014 жылы Қазақстан тарапы бұл бойынша ұсыныс жолдаған болатын.