Балалар күні қарсаңында «Балалардың қауіпсіздігі - басты назарда» республикалық акциясы жүргізілуде

Фото: ҚР ТЖМ

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елдің түкпір-түкпірінде «Балалардың қауіпсіздігі - басты назарда» ұранымен арнайы іс-шара өткізуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Іс-шараның мақсаты – өрт себебін, салдарын түсіндіру, арнайы техникалармен, дұрыс әрекет етумен таныстыру.


Солардың бірі Батыс Қазақстан облысында өткен іс-шара. Оның барысында балалар мерекелік көңіл-күйде ойындар мен байқауларға қатысты.  Құтқарушылардың киімдерін киіп, көліктеріне мініп көрді, арнайы техникамен танысты.


«Іс-шараның басты мақсаты - балаларды қауіпсіздік ережелеріне үйрету, ТЖ-да мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығының ерлігін көрсету», – делінген ресми хабарламада.