Ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар салмақ қосып, аяққа тұра бастады
Ербаян Мұхтардың Стамбұлда өткен ауыр нейрохирургиялық отадан кейін елге оралғанына 4,5 ай болды. Сарбаздың жеке массажисті келтірген ақпаратқа сай, ол арқасын тік ұстай алады, аяққа тұрып, мойнын бақылауда ұстауда, сол жақ қолы мен аяғында рефлекстер пайда болған. Сондай-ақ, Ербаян салмақ қосып, қалыпты түрде тамақтана бастады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz әлеуметтік желідегі парақшаға сілтеме жасап.
Емдеу барысы баяу жүруде, алайда жағдайы тұрақты. Оң динамика байқалады . Емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ербаян қайтадан Стамбұлға барады. Массажистің пікірінше, ол толық жазылып кетеді.
Еске салсақ, 2023 жылдың соңында сарбаз ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскери қызметкерлер оның дәретханада құлап, басын ұрып алғанын айтқан. Алайда туыстары Ербаянның соққыға жығылғанын дәлелдеуге тырысты.