Ауылдық жерлерді төтенше жағдайлардан қорғауға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

Фото: Pexels

Қазақстанда ауылдық жерлерді төтенше жағдайлардан қорғау мүмкіндігін арттыру үшін «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске қосылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің ресми баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.


Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың мәліметіне сай, мұндай формат бойынша бес өрт сөндіру бекеті ашылды. Олар Қарағанды облысының Красная поляна, Ақмола облысының Қызылсуат, Батыс Қазақстан облысының Жарсуат, Алматы облысының Матыбұлақ және Абай облысының Глуховка ауылдарында орналасты.


Бекеттерде қажетті техника, жабдықтар мен арнайы киімдер қамтамасыз етілген. Еріктілердің орналасуына да жағдай жасалды.