Ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда

Фото: Pexels

ҚР Парламенті Сенатында ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Бұл мақсатта елімізде азаматтық хал актілерін тіркеу, анықтама алу, жәрдемақы, субсидия мен басқа да базалық сервистерді ресімдеумен қоса мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жүзеге асырылуда.


«Ресми деректерге сәйкес, ауылдық жерлерде еліміз халқының шамамен 38,8%-ы тұрады және олардың цифрлық қызметтерге теңдей қолжетімді болуы әділ және инклюзивті Қазақстанды құрудың негізгі шартының бірі болып табылады, – деді Комитет төрағасы Әли Бектаев.