Ауыл шаруашылық лизингті қаржыландыру 450 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады

Фото: Pexels
Қазақстанда 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасын қаржыландыру көлемі 450 млрд теңгеге дейін артады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2028 жылға дейін техника паркін жаңарту деңгейін 9%-ға жеткізуді жоспарлады.
Қазіргі таңда техникаға жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруаларға жылдық 5% мөлшерлемемен техника алуға мүмкіндік бар.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде 139 мың трактор, 31 мың комбайн, 5,6 мың егіс кешені, 71 мың тұқым сепкіш пен 141 мың топырақ өңдейтін құрал бар.
«Әсіресе «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы аясындағы ілгерілеу айқын байқалады: 2025 жылы аталған бағдарламаға кемінде 250 млрд теңге бөлініп, шамамен 6 мың бірлік техника сатып алынады. 24 ақпаннан бастап – өтінімдер қабылдау басталған күннен бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға 3555 өтініш келіп түсті, олардың жалпы сомасы – 129,2 млрд теңге. Қазірдің өзінде 2400 шарт жасалып, жалпы құны 85,7 млрд теңге болатын 4580 бірлік техника жеткізу жоспарланған»,