Ауыл шаруашылығы: жеке тұтыну үшін сойылған мал есепке алынады
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының санын нақтылау мақсатындағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне бірнеше жаңашылдық енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Деректер базасын техникалық жетілдіру аясында жаңа функциялар енгізіледі:
«Төлдеу» себебі бойынша ІҚМ тіркеу:
бұзауды міндетті түрде аналық малдың ЖСН-мен байланыстыру функциясы енгізілді. Бұл жануардың шығу тегін нақты есепке алуға көмектеседі, деректер енгізу кезінде қателіктердің алдын алады;
«Жеке тұтыну үшін сойылды» себебі бойынша есептен шығару:
Жеке тұтыну бойынша сойылған малды уақытында ресімдемеген жағдайда айыппұл салу тетігі іске қосылды. Бұл сойылған малдың есепте тұруын болдырмайды.
Сатып алу-сату рәсімдері:
меншік құқығын өзгеге беру функциясы жаңарды. Мәмілелерді рәсімдеу дәлдігі артады және «анықталмаған» малдың жинақталып қалуына жол берілмейді.
Союдан кейінгі етті сақтау функциясы:
етті ұзақ мерзімге сақтауға жіберуді тіркеу мүмкін болады. Осылайша, сараптама актілерін қолдануды бақылау жақсартылды.
"Вакцинация кезінде шектеулер: вакцинаның қолданылу кезеңінде кейбір операцияларды жүргізуге тыйым салынды. Бұл жалған мәмілелерді болдырмай, ветеринариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді",