Ауыл шаруашылығы: жеке тұтыну үшін сойылған мал есепке алынады

Pex фото на taspanews.kz от 22 апреля 2025 13:57
Фото: Pexels

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының санын нақтылау мақсатындағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне бірнеше жаңашылдық енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Деректер базасын техникалық жетілдіру аясында жаңа функциялар енгізіледі:


«Төлдеу» себебі бойынша ІҚМ тіркеу:


бұзауды міндетті түрде аналық малдың ЖСН-мен байланыстыру функциясы енгізілді. Бұл жануардың шығу тегін нақты есепке алуға көмектеседі, деректер енгізу кезінде қателіктердің алдын алады;


«Жеке тұтыну үшін сойылды» себебі бойынша есептен шығару:


Жеке тұтыну бойынша сойылған малды уақытында ресімдемеген жағдайда айыппұл салу тетігі іске қосылды. Бұл сойылған малдың есепте тұруын болдырмайды.


Сатып алу-сату рәсімдері:


меншік құқығын өзгеге беру функциясы жаңарды. Мәмілелерді рәсімдеу дәлдігі артады және «анықталмаған» малдың жинақталып қалуына жол берілмейді.


Союдан кейінгі етті сақтау функциясы:


етті ұзақ мерзімге сақтауға жіберуді тіркеу мүмкін болады. Осылайша, сараптама актілерін қолдануды бақылау жақсартылды.


"Вакцинация кезінде шектеулер: вакцинаның қолданылу кезеңінде кейбір операцияларды жүргізуге тыйым салынды. Бұл жалған мәмілелерді болдырмай, ветеринариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді", – делінген ресми хабарламада.




Следите за новостями Taspanews