Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі жемқорлық бойынша күдікті атанды

Фото: Freepik
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана бойынша департаменті ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарын күдікті етіп таныды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР СЖҚІА сілтеме жасап.
Қылмыстық іс тергелуде.
Күдікті аффилирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартқаны және бюджет қаражатын қолма-қол ақша етіп, ұрлағаны үшін күдікті. Мемлекетке 3 млн теңге шығын келтірілді.
Тергеу жалғасуда. Бұдан бөлек ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Күдіктінің күнәсі дәлелденген жоқ.