Ауа райы болжамы: Астанада алдағы үш күні ауа райы құбылады
Астанада күн біршама жылынғанмен, ауа райы күрт құбылуы мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Бүгін, 25 сәуір күні күндіз Астанада көшпелі бұлт жүреді, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура +24 +26 градус шамасында болады. Түнде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура +7 +9 шамасында.
26 сәуір күні күндіз температура +25 +27 градус шамасында болады. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде де көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Температура +11 +13 градус шамасында.
27 сәуірде күндіз температура +22 +24 градус шамасында. Көшпелі бұлт жүреді, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады. Түнде температура +14 +16 градус шамасында, жауын-шашын болмайды.07:57