Атыраудағы көп қабатты үйдегі өрттен ер адам зардап шекті

Pexels фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 21:22
Фото: Pexels

Атырау қаласы, Азаттық даңғылында көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрт салдарынан 1985 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. Үйлерінен 46 адам өздігімен сыртқа шыққан.


ТЖМ құтқарушылары өрттің таралмауын қамтамасыз етті. Өрт 60 шаршы метр алаңда сөндірілді.


ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.


Следите за новостями Taspanews