Атырауда газ құю бекеті жарылды: 2 адам қаза тапты

Фото: Ақ Жайық
Атырау облысы, Құлсары қаласындағы Махамбет Өтемісұлы даңғылында газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан газ құю бекеті, бір қабатты үш ғимарат және екі қабатты ғимарат өртенген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақ жайыққа сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сай, 2 адам қаза тапты. Оларды қосқанда 14 адам зардап шекті. Өрттің таралу ауданы анықталуда. Өрт себебі анықталуда.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі мен мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі келіп жеткен. Өрт сөндіру мен газ тасымалдағышты салқындату жұмыстары жүргізілуде. Өрт ошағы оқшаулануда.