Атырау облысындағы ауылда алғаш рет жоғары сынып оқушыларының білім алуына мүмкіндік жасалды

 ҚР Бас прокуратурасы фото на taspanews.kz от 02 июня 2025 10:45
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жамансор ауылында 110 орындық мектеп-интернатының құрылысының іргетасы қалануда. Бұл мемлекетке қайтарылған, заңсыз алынған қаражат есебінен жүзеге асуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Ауылда тек 60 орындық бастауыш сыныптарға арналған мектеп болатын. Ал жоғарғы сынып оқушылары жақын маңдағы ауылдарға қатынап оқыды. Онда спорт зал мен іс-шара өткізетін мерекелік зал болмаған. Ендігі кезекте, 110 орындық жаңа мектеп салынуда.


2025 жылы 30 мамырда мектеп іргетасының қалануын естелік етуге арналған «уақыт капсуласын салу» салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараға Прокуратура өкілдері, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен қоғам белсенділері, ауыл тұрғындары қатысты.


«Жоба Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан ел бойынша қаржыландырылып жатқан 333 әлеуметтік нысанның біріне жатады», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews