Атырау облысында қамыс өрті сөндірілуде

Фото: ҚР ТЖМ

2025 жылы 13 маусымнан бері Атырау облысында жалпы ауданы 805 га қамыс өртенген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Атырау қаласынан 37 км қашықтықта 7 га жерде өрт жалғасуда.


Қалың қамыс, өрт болған жерге жету қиындығы, екпінді жел өрт сөндіруді қиынға соқтырды.


ТЖМ авиациясы өрт басталғаннан бері 33 рет су төкті.