Атбасар ауданындағы су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар сотталды

Уикипедия фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 14:32
Фото: Уикипедия

2025 жылы 5 маусым күні Атбасар ауданы әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Олар су тасқынына қарсы бөлінген 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


2021 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражат су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үй құрылысына бағытталған. Алайда, қаражат мақсатты жұмсалмаған болып шықты. Нәтижесінде, іс Ақмола облысы прокурорларымен тергелді.


Сот үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі (аса ірі көлемде жымқыру) және 218 бабы бойынша (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) кінәлі танылды. Сот 8,6 мен 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүлік тәркілеу жайлы жаза тағайындады.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Следите за новостями Taspanews