Астанадағы жаңа LRT вагондарды бояғандар германиялық суретшілер болып шықты
Фото: Astanovka98
Астанадағы жаңа LRT вагондарды бояғандардың кімдер екені анықталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Astanovka98 сілтеме жасап.
astana_graffiti әлеуметтік желісінде мәлімденгендей, бұл граффити бояуларды жаққандар германиялық суретшілер екенін айтқан. Олар өз еліне оралып кетуі мүмкін екенін де жеткізді.
Бұл граффити мәтінінде саяси үндеу немесе жасырын хат болмаған. Тек лақап аттар, қолтаңбалар қойылған. Көп болса граффити жағуға 20 минут кеткен.
Бұрынырақ CTS бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.